Оқиға

Ауданы 18 шаршы метр бөлмеде 700 адам тіркелген

  • https://www.inalmaty.kz/

    https://www.inalmaty.kz/

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында жатақханада тұрмайтын жалған тұрғындарды анықтады, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Ауданы 18 шаршы метр бөлмеде 700 адам тіркелген. Баспананың иесі жатақханада тұрмайтын адамдарды тұрақты негізде тіркеген.

 

Тіркелген адамдардың тұратынын анықтау мақсатында полиция қызметкерлері аталған мекенжайға бірнеше рет барған. Алайда, тұрғындарды анықтау мүмкін болмаған.

 

Көршілерінің айтуынша, бөлме бос тұр. Онда ешкім тұрмайды. Қазіргі кезде полицейлер бөлме иесінің жүрген жерін анықтауда. Оған қатысты әкімшілік ықпалдағы шаралар қабылданатын болады.

 

 &ldquoЭлектрондық үкімет&rdquo веб-порталы арқылы тіркеу пәтер иелеріне азаматтарды көптеп тіркеуіне мүмкіндік береді. Көші-қон заңнамасын бұзушылықты ескерту мақсатында ПД көші-қон қызметі халықты тұрғылықты жері және нақты тұратын жері бойынша уақытында тіркелуге шақырады.

 

Мекенжай мәліметтерінде алшақтықтар болған жағдайда ХҚКО-дағы көші-қон қызметі бөліністеріне жүгінуді сұраймыз. Сонымен қатар, меншік иелерінен тұрмайтын азаматтарды тіркеуден уақытында шығаруды сұраймыз.

 

Елордадағы халықты есепке алу және көші-қон ағымының өсуіне талдау жасау азаматтарды тұрғылықты жері бойынша және уақытша келу (тұру) орны бойынша тіркеген кезде жүзеге асырылады.

 

Полиция департаменті аталған бағыттағы жұмысты тұрақты негізде жүргізеді және көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады.

 

Азаматтар мен қала қонақтарынан мұқият болуды және хабарландырулар және жалған мекенжайлар бойынша тіркелмеуді сұраймыз. Себебі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік артады.

 

 




Көрілген: 360    Пікірлер: 0

жексенбі, 08.11.2020, 11:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31