Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ауған соғысының ардагері атылып өлді

20 желтоқсан 2022, 14:21

Ақмола облысында Ауған соғысының ардагері атылып өлді. Свабодное ауылының тұрғыны суицидке бармас бұрын әйелі мен баласын өлтірмекші болған екен. Абырой болғанда аңшы мылтығынан атылған оқ тимей қалыпты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі КТК.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын 60 жастағы кәсіпкердің бұл қадамға не үшін барғаны белгісіз.

 

Үйіне ашулы келген ол аңшы мылтығымен әйелін атқан. Бірақ оқ келіншектің басын жанап өтіпті. Осы кезде үйден 20 жастағы ұлы жүгіріп шығып, әкесінің қолындағы қаруын тартып алған.

 

Бірақ ашуға мінген азамат үйде жасырылған екінші қосауыз мылтығын алып шығып, өзін-өзі атып тастаған.

 

Айғай-шуды естіген көршілері полицияға хабар бергенімен, кәсіпкерді ешкім құтқарып қала алмады.

 

Марқұм өзінен 16 жас кіші келіншегін қызғанды деген болжам бар. Тіпті атып өлтірмек болған әйелі бұрынғы өгей қызы деген де ақпарат айтылуда. 

 

Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің өкілі:

 

- Полиция оқиға орнына келгенде ол азамат өзін басынан атып, суицид жасап үлгерген. Екі қару да заңды тіркелген. Қазір«Адам өлтіруге оқталу»және «Өзін өзі өлтіруге итермелеу»баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Және де адам өліміне әкелген оқиғаның себеп салдары тексеріліп жатыр.