Оқиға

Аулада басына белтемір құлаған 6 жасар бала қанжоса боп жатқан – Степногор

  • Аулада басына белтемір құлаған 6 жасар бала қанжоса боп жатқан – Степногор

    Аулада басына белтемір құлаған 6 жасар бала қанжоса боп жатқан – Степногор

Алты жасар Мансұрдың анасына болған жағдайды аулада ойнап жүрген балалар телефонмен хабарласып айтқан
Ақмола облысының Степногор қаласында алты жасар балақайға темір конструкция құлап, бас сүйегі жарылды. Бұғы бейнесіндегі мателл құрылғы балалардың ойын алаңына белтемір ретінде орнатылған екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Мансұрдың анасы Мақпал Жұмабекованың айтуынша, түбі босап тұрған темір конструкция баласының басына құлаған.

"Сап-сау баламның бас сүйегін тесіп ота жасады. Ендігі күні не болады? Әкімге де, прокуратураға да бардық. Ешқандай жауап жоқ. Уақыт өтеді, ұмытылады деп ойлап жүрген шығар", – дейді ол.
Кішкентай Мансұрдың басы сол жерде қанжоса болып, ес-түссіз жатқан. Аулада бірге ойнап жүрген балалар болған жағдайды оның анасына телефонмен хабарлаған.

Содан соң жедел жәрдеммен бірден жансақтау бөліміне жеткізіліп, балақайдың бас сүйегіне трепанация жасалған. Яғни, бассүйегін тесіп ота жасапты. Мансұр қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр.

Ал оқыс оқиға болған ауладағы әткеншектер тым сапасыз дейді Мансұрдың анасы. Биыл мектеп табалдырығын аттаған балақайдың ата-анасы болған жағдайды айтып құзырлы орындарға шағымданыпты. Алайда жазаға тартатын ешкім жоқ. Себебі қауіпті алаңдар иесіз екен.

"Ол алаң Кеңес одағы уақытынан бері тұр. Осы жағдайдан кейін тапсырма бердік. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық мекемесі мен ПИК өзге де алаңдарды қарап шығатын болады", – дейді Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов.

Мұндай нысандардың осы кезге дейін не себепті есепке алынбағанын айта алмаған шенеунік алдағы уақытта тексеріс жүргізіліп, бүлінген алаңдарды қайта қалпына келтіретінін атап өтті.




Көрілген: 1507    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.06.2021, 10:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31