Аулада есірткі шеккен ер адам «Сергек» камерасына түсіп қалған – видео

21 қыркүйек 2022, 12:14

Өскеменде ер адам аулада марихуана шеккен. Оның әрекеті «Сергек» камерасына түсіп қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, 21 жастағы күдіктіні ұстады. Ол «Сергек» АБК камерасына түсіп қалған. Мұны камерадан байқаған полицейлер бірнеше минутта оқиға орнына барды.

Полицейлерді көрген жас жігіт жасырынып үлгермеді. Есірткіге масаң күйде болған.

Полицейлер салмағы 1,51 грамм кептірілген марихуананың тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.