Оқиға

Ауруханаға жатқызылған шымкенттік жігіт карантиннен қашып кеткен

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысында карантиннен қашып кеткен Шымкент қаласының тұрғыны тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

10 наурыз күні ол Мәскеуден Алматы қаласына ұшып келген. Осы рейстегі жолаушылардың бірінде коронавирустың белгісі анықталған болатын. Сол себепті басқа да жолаушылар Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына 14 күнге карантинге жіберілді.

 

Ол тәртіпке көнгісі келмеген шымкенттік азамат аурухананы тастап шығады. Дереу іздеуге кіріскен полицейлер оны Арыс қаласындағы ата-анасының үйінен тапты. Сол жерден ол қайтадан Қазығұрт аудандық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

 

Шымкент қаласының тумасы Вьетнамда жұмыс істепті. Әлемде коронавирустың салдары ушыққан себепті Алматы қаласына Мәскеу арқылы транзитпен ұшып келген.

 

Бұл жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы “Санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

 

Полиция қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтап жатыр.

 




Көрілген: 276    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 23:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30