Оқиға

Автобус жүргізушісі мен самокаттағы жігіт оқиғасы: Куәгер өз көзімен көргенін айтты

  • Автобус жүргізушісі мен самокаттағы жігіт оқиғасы: Куәгер өз көзімен көргенін айтты

    Автобус жүргізушісі мен самокаттағы жігіт оқиғасы: Куәгер өз көзімен көргенін айтты

Алматының қақ ортасында автобус жүргізушісіне шабуылдаған самокаттағы жігіттің оқиғасына қатысты жаңа деректер пайда болды. Оқиға куәгері сол күні өз көзімен көргенін баяндап берді деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ер адам оқиға кезінде автобус ішінде болып, бәрін терезеден көрген. Оның сөзінше, самокаттағы жігіт бордюрге жақын жүріп, қозғалысқа еш кедергі келтірмеген.


Куәгер автобус жүргізушісі өзін бүртүрлі әрі кейде агрессивті түрде ұстағанын алға тартты. Бір уақытта қоғамдық көлік тізгініндегі азамат аса қауіпті іс-әрекет жасамақ болып, өзге автобусты басып озуға тырысқан.


Автобус самокаттағы жігіт пен көліктер арасынан әрең дегенде сығылысып өткен.


"Бұл мезетте ішімде бәрі сыздап кетті. Себебі, мен автобус пен самокаттағы жігіттің арасындағы қашықтық 10-20 сантиметр ғана болды деп ойладым. Ол оны басып кетеді деп ойладым" , - деді куәгер.

Өзара қақтығыс кезінде самокаттағы жігітті көлік қағып кеткен.


"Автобус жүргізушісі оқиғадан соң, бірден салон ішіне кіріп кетті. Ол зардап шеккен дігітке көмек көрсетуге тырысқан жоқ" , - деді ер адам.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда автобус жүргізушісіне шабуылдаған самокаттағы ер адамның басы дауға қалғанын жазған болатынбыз.




Көрілген: 648    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.07.2019, 10:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31