Аягөздегі арнайы интернаттағы 4 баланың өліміне қатысты жаға ұстатарлық деректер белгілі болды

24 қараша 2020, 18:28

Аягөз қаласында психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған интернатта қайтыс болған бүлдіршіндерге қатысты жаңа деректер пайда болды. Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин мемлекеттік органдардың тілшісіне жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 - 2006 жылы туған тәрбиеленушіден - бас миының соғылуы, субарахноидальды қан құйылу, жабық бассүйек-ми жарақаты.
- 2009 жылы туған тәрбиеленушіден - бас миының соғылуы, бас сүйегінің күмбезі мен негізінің сынуы, жабық бассүйек-ми жарақаты.
- 2008 жылы туған тәрбиеленушіден - бас миының соғылуы, субарахноидалды қан құйылуы, бас сүйегі негізінің сынуы, ЖБМТ анықталды.

Ол сондай-ақ 9 маусымда ҚК-нің 106-бабы - "денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі үш тергеу басталғанын хабарлады. 30 маусымда Бас прокуратурамен қылмыстық істі одан әрі тергеу Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасына тапсырылды.

30 қазанда ауыр дене жарақатын алу фактісі бойынша қылмыстық істер жеке өндіріске бөлініп, тергеу жүргізу үшін ШҚО ПД ҚБ-ға жіберілді.

Еске салсақ, осы жылдың көктемінде Аягөз балалар арнаулы интернатында төрт тәрбиеленуші қайтыс болған еді. 

Stan.kz