Оқиға

"Аяқ киімі жағада қалған": Ақмола облысында сүңгуірлер Арықты көліне кеткен ер адамды таппай жатыр

  • "Аяқ киімі жағада қалған": Ақмола облысында сүңгуірлер Арықты көліне кеткен ер адамды таппай жатыр

Ақмола облысында құтқару қызметінің сүңгуірлері екі күннен бері жасанды көлден 50 жаcтағы ер адамды таппай жатыр. Аяқ киімі жағада қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп хабарлайды. 

арыкты

Ол сәуірдің 23-інде кешқұрым үйінен шығып кеткен. Ауылдастары жабылып жүріп  ауыл маңын тегіс қарап шыққан. Көмекке полиция, төтенше жағдай қызметі қосылыпты. Олар көл жағасынан жоғалған азаматтың  аяқ киімін тапқан.

 

Күйеуінің аяқ киімін әйелі таныды. Бірақ ол балық ауламайтын, көлде қайықпен серуендеп көрмеген жанның онда не үшін барғанын түсіндіре алмады. Қазір құтқару қызметі бес сүңгуірмен Арықты көлінде жүр. Таң атысымен қас қарайғанша көлді әрлі берлі кезіп, су астында жұмыс істеп жатқан олар бірталай қиындық кездескенін айтады.

"Әзірге су астынан іздеу жұмыстары нәтиже берген жоқ. Жасанды көлдің радиусы 3 шақырым,тереңдігі 2 жарым метрден асады. Мұзы енді  еріп, ағын су әлі тоқтамағандықтан, көл суы лайлы.Сондықтан су астында көрініс өте нашар. Бұл жағдай да сүңгуірлерге қиындық туғызуда", - дейді Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

 
 

 




Көрілген: 329    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 22:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31