Оқиға

Аяусыз ұрып-соқты: Алматылық әйел өзін тонаушыдан құтқарған адамды іздеуде

  • Аяусыз ұрып-соқты: Алматылық әйел өзін тонаушыдан құтқарған адамды іздеуде

    Аяусыз ұрып-соқты: Алматылық әйел өзін тонаушыдан құтқарған адамды іздеуде

Алматыда үш баланың анасын белгісіз біреу тонап, аяусыз ұрып кетті. Соққыға жығылған әйел өзін құтқарған жігітті іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап.

Аяусыз ұрып-соқты: Алматылық әйел өзін тонаушыдан құтқарған адамды іздеуде

Белгісіз ер адам жұмысқа бара жатқан әйелге шабуыл жасаған. Қуанышқа орай оны жаяу жүргінші құтқарып қалыпты. Алайда әйел өзін кімнің құтқарғаны білмейді. 

Жәбірленушінің әпкесі Раушан Иманәлі оқиға туралы айтып берді. 28 қараша күні таңертең 33 жастағы Алма (жәбірленушінің өтініші бойынша аты өзгертілді - автордың ескертпесі) үйден шығып, Жұбанова көшесімен келе жатады. Оны жұмысқа қызметтік көлікпен алып кетуі керек болған.

«Менің сіңлім көшеден әлдекімнің келе жатқанын көргенде қорқа бастайды. Ол жанынан өтіп кеткенде қайта тыныштала бастаған, алайда белгісіз ер адамның артқы жағынан төніп тұрғанын сезеді. Жалт қарағанда алған соққысынан есінен тана құлапты. Бұл кезде тонаушы сырғасы мен алтын жүзіктерін шешіп алады. Өзінің бет-жүзін көрсетпеу үшін тағы да жұдырықтай бастайды. «Көмектесіңіз» деген дауысқа әлдебір ер адам жүгіре жеткен екен. Ол тонаушыны қуа жөнелгенде, сіңлім үйге қашып кеткен», - дейді Раушан.

Алма үйіне жетіп, күйеуі болған жайтты айтқанда бәрі есінен тана қорқып қалған. Олар дереу жедел жәрдем мен полиция шақырды. Жәбірленушінің беті көгерген, миы қатты шайқалған. Мұрнына ота жасауы керек. 

«Ол қазір ауруханада жатыр. Ол сыртқа шығуға қорқады. Сірә, оған психологтің көмегі керек болады», - деп күрсінеді әпкесі.

Алманың туыстары қазір алғыс айту үшін құтқарушыны іздеуде.

 
 

 




Көрілген: 989    Пікірлер: 0

жұма, 06.12.2019, 20:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30