Оқиға

Әйелі мен баласының көзінше асылып қалған: Ақтаулық полицейлер ер адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)

  • Әйелі мен баласының көзінше асылып қалған: Ақтаулық полицейлер ер адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Әйелі мен баласының көзінше асылып қалған: Ақтаулық полицейлер ер адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)

  • Әйелі мен баласының көзінше асылып қалған: Ақтаулық полицейлер ер адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)

    Әйелі мен баласының көзінше асылып қалған: Ақтаулық полицейлер ер адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)

Ақтауда полиция қызметкерлері әйелі мен балаларының көзінше асылып өлмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 7 мамыр күні қаладағы 3-шағынаудандағы үйлердің бірінде болған.

«Ақтау қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 3-шағынауданда тұратын әйел адам хабарласып, көмекке шақырды. Шағымданушының айтуынша, оның күйеуі өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеттеніп жатқан. Хабарлама түскен бетте оқиға орнына жақын маңда жүрген патрульдік полиция батальонының экипажы жіберілді. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері Е. Орынбасар мен А. Тәуекел бірден екінші қабатқа көтеріледі. Алайда іштен бекітулі тұрған есіктің ар жағынан әйел адам мен балалардың шыңғырған дауысы естіліп тұрған. Полиция қызметкерлері пәтерге кірген уақытта белдікке асылып тұрған ер адамды көреді. Жедел қимылдап, полицейлер өзіне өзі қол жұмсамақ болған тұрғынды құтқарып қалды», - деп жазады Тumba.kz. 

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ер адам Полиция басқармасына жеткізілді.

Оның бұл қадамға неліктен барғаны туралы ақпарат жария етілген жоқ.  




Көрілген: 936    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 17:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30