Оқиға

Әйелді мүйізіне іліп лақтырған: Алматы облысының полицейлері сиырды атып тастады

  • Әйелді мүйізіне іліп лақтырған: Алматы облысының полицейлері сиырды атып тастады

    Әйелді мүйізіне іліп лақтырған: Алматы облысының полицейлері сиырды атып тастады

Алматы облысының тәртіп сақшылары ірі қара малды атып тастауға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға 18 сәуір күні Жамбыл ауданының Қайназар ауылында болған. Бордақыланған сиыр қашып кетіп, айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Алдынан кездескен әйелді мүйізіне іліп алып, бойынан асыра лақтырып жіберген. Бұған полиция қызметкерлері куә болған.


Тәртіп сақшылары зардап шегушіні жақын маңдағы медициналық пунктке жеткізіп, жануарды оқшаулау шараларын қабылдаған.


«Жануарды сою мақсатында семірткені анықталды. Сиырды союға әкелгенде, ол қашып кетіп, айналасындағы адамдарды қуалаған. Көшеде ауыл тұрғындары жүрген, арасында балалар да болды. Босап кеткен сиыр жолындағы екі көлікті бүлдіріп, шығын келтірген. Полицейлер жануарды адам арасынан аулақ алып шығудың амалын тауып, мал иесінің рұқсатымен оны атып тастады», - деп мәлімдеді Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.


Зардап шеккен әйел адам жеңіл дене жарақатын алып, ауруханадан шықты. Тәртіп сақшылары мал иесінен оқиғаға қатысты түсініктеме алып, бұдан әрі мал союдың арнайы орындарын пайдалану қажеттігі туралы ескертті.


«Оқиға орнына келген аудандық мал дәрігерлері жануарды құтыру ауруына тексеріп, қандай да бір аурудың белгілерін таппады»,- деп атап өтті ведомство өкілдері.


 




Көрілген: 981    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 21:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31