"Әйелдер, сіздерге не болған?", Оралда дүкен сатушысы мен сатып алушы төбелесті (видео)
Орал тұрғыны дүкендегі әйелдердің төбелесін видеоға түсіріп, Instagram-да жариялады.
 
Бірінші видеодан сатушы мен сатып алушы жанжалдасып қалғанын көруге болады. Басқа роликте сатып алушы еденде жатыр, сатушылардың бірі оны ұстап отыр, ал екіншісі оның басынан ұрады.
 
"Ремзаводтағы "Сказка" дүкені, әйелдер, сіздерге не болған?",  &ndash деп жазды видео авторы.
 
"Мой Город" порталының хабарлауынша, жанжалға сатушының шұжықты қолмен беруі себеп болған.
 
Полиция  "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатқанын атап өтті.