Оқиға

"Әйелге ота жасап, қайтып келе жатқан": Шығыс Қазақстандағы трагедияның мән-жайы

  • "Әйелге ота жасап, қайтып келе жатқан": Шығыс Қазақстандағы трагедияның мән-жайы

Хирургтің артында үш баласы, ал анестезиолог дәрігердің екі баласы қалды. Ал жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауыр хәлде облыстық ауруханада жатыр

Шығыс Қазақстан облысында жол апатынан көз жұмған екі дәрігер Үржарға операция жасауға барған. Бұл туралы "Астана" арнасы хабарлады.

Жол апаты 3 ақпанда ақшам уақытында болған. Тас жолдағы бұрқасын мен көктайғақтан артында тіркемесі бар, "ДАФ" маркалы жүк көлігін басқарған 29 жастағы ер адам рөлге ие бола алмай, қарсы беткен шыққан. Осы сәтте дәрігерлердің қызметтік көлігіне соғылыпты.  

"Жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райы, көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Артынша жедел жәрдем көлігімен соқтығысты", - деді ШҚО ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Андрей Ларионов.  
Қайтыс болғандардың бірі &ndash хирург Бейбіт Ғабдуллин. Ол Үржар аудандық ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі. Ал екіншісі &ndash анестезиолог Болат Әзілханов. Екеуі Үржарда әйел адамға операция жасап, шұғыл түрде Семей қаласына ауруханаға жеткізген. Кері қайтқанда жол көлік апатына ұшырапты.

Хирургтің артында үш баласы, ал анестезиолог дәрігердің екі баласы қалды. Ал медициналық көлік жүргізушісі ауыр хәлде облыстық ауруханада жатыр. Аудандық аурухананың бас дәрігері Баубек Әбілқасымов қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлады.  

sputnik.kz




Көрілген: 1258    Пікірлер: 0

жұма, 05.02.2021, 22:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30