Оқиға

Әйелінің көңілдесін өлтірген…

  • http://www.adilsoz.kz/

    http://www.adilsoz.kz/

Түзеу мекемесіндегі тағдырлар топтамасын жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз кісі өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Нақтырақ айтқанда, ол әйелінің көңілдесін бақилыққа аттандырған.

 

Одан бері 6 жыл уақыт өтті. Жазасын өтеуші темір тордың арғы жағында бағбандықты меңгеріп, колонияның маңын гүлзар баққа айналдырып отыр.

 

Бұл ер кісі темір тордың ар жағында болғанымен, күн сайын өмірдің кереметін көруге асық. Күнделікті таңертең ерте тұрып, гүлдерге су құяды, содан соң егістіктің арасындағы арамшөптерді жұлуға кіріседі. Қазір ер азамат 65 жаста, 4 жылдан соң бостандыққа шығып, тыныш өмір сүрсем дейді.

 

Ал қолы қанға малынған күнді жазасын өтеуші еске алмауға тырысады. Дегенмен түсірілім тобы келген кезде өткенін айтып беруге келісті. Жантүршігерлік оқиға болған күні ер кісі әйелін көңілдесімен ұстап алғанын айтады. Сөзінше, әуелде абдырап не істерін білмей, бұрылып кетіп қалмақшы болыпты. Бірақ, оны байқаған жарының жігіті оған қарай ұмтылып, буындырып өлтіруге ниеттенген екен. «Сол сәтте қолына түскен кетпенмен ауыр соққы жасауға мәжбүр болдым», -дейді мерзімін өтеуші.

 

«16 жыл күреске қатысқан бала. Күшім жетпейді, таяқ жеймін. Тізесімен кеудемді басып, өлтіруге бейіл. Сол кезде қолыма кетпен ілінді, ұрған кезде мойнына тиді, кетпеннің өткір жағы».

 

Ал ол кезде әйелінің көңілдесі әлі жан тапсыра қоймаған екен. Ашуға булыққан ол кейін оны кетпеннің сабымен ұрып соққан. Ал жігіт қолына пышақ алып өлтіруге оқталған көрінеді.

 

Жазасын өтеуші жарының көңілдесін сол сәтте өлтірдім деп ойламағанын айтады. Оқиға орнынан бірер сағатқа кетіп, қайта келсе, мәйітті көрген. Сол жерде оны бірден тұтқындайды. Ал кейіпкеріміз әйелінің бұл ісін балалары үшін кешіргенін айтады.

 

«Амал жоқ, адам сәл кешірімді болу керек қой. Кешірімді болу керек, 2 қызым бар, немерелерім бар. Балалар шешесін тастамайды ғой, бәрібір анасы. Араласамын әйеліммен, осында кеп тұрады», – дейді.

 

Шымкенттегі ИЧ 167/2 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеуші бағбан мерзімінен бұрын бостандыққа шығудан үміттеніп отыр.

 

 

kz.otyrar.kz




Көрілген: 1143    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 19:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30