Оқиға

"Айғайлаған топ, полиция дабылы": Алматыда 10 маусым күні кешке... (видео)

  • Видеодан скриншот

    Видеодан скриншот

10 маусым күні кешке оңтүстік астананың тұрғындары көліктің дыбысының қосылуы, полицей дабылының үні мен адамдардың айғайының куәсі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ оқырмандары хабарлады.


Дүйсенбі күні кешкі Төле би көшесінің тұрғындары мен осы көшемен өтіп бара жатқан адамдар белгісіз шудың куәсі болды.


"Төле би бойымен бір топ адам айғайлап, ысқырып келе жатыр. Көліктердің дыбыс беру тетігін басып жатыр. Адамдар терезеден "Не болды?" деп қарауда. Тіпті қорқынышты екен", - деп жазды түн ортасында куәгерлердің бірі.


Tengrinews.kz ақпаратында сол сәтте "Сайран" автовокзалының маңында тұтқындаулар орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, митингке шыққандарда суық қару бар деген ақпарат түскеннен кейін тәртіп сақшылары көшедегі адамдарды тінти бастаған.


Сондай-ақ түсірілім кезінде басылымның қызметкері зардап шеккен.


"Полиция қызметкерлері Tengrinews.kz журналистінің видео түсіруіне кедергі келтіріп, телефонын тартып алмақ болған. Нәтижесінде Шоқан Алхабаевқа бірнеше соққы жасаған", - делінген портал материалында.


Әзірге полиция жағдайға қатысты түсініктеме берген жоқ.


Еске сала кетейік, бір күн бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордадағы брифингте митингке шыққандарды сөйлесуге шақырған болатын.


 




Көрілген: 542    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.06.2019, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31