Оқиға

Айырмен шаншып, айуандықпен өлтірген

  • https://greenbelarus.info/

    https://greenbelarus.info/

Қала тұрғыны Анатолий ЕРАЧИН «AЖ»-ға жүгінді. Оның айтуынша, көршісі итін айырмен шаншып, айуандықпен өлтірген. Бұл кезде ит өз ауласындағы үйшігінде шынжырлаулы тұрған. Оқиға 29 қыркүйекте Дулатов көшесінің бойында (Маслопром маңында) болыпты.

 

 

- Бұл оқиға 28 қыркүйекте басталды, - дейді Анатолий. - Сол күні әйелім екеуміз үйге жақын жерде садақада болдық. Көрші әйел қоңырау шалып, итімнің 4 жасар баласын қауып алғанын айтып, айқай салды. Мен дереу үйге келіп, итті тексеріп қарадым, содан кейін бақылау камерасы бар басқа көршімнен жазбаны қарап шығуды өтіндім. Жазбадан баланың біздің аулаға, тіпті, жақындамағанын көрдім.

 

 

 

Анатолий баланы көршінің иті қауып алған шығар, өйткені сол иттің құлағынан, құйрығынан тартып, үстіне мініп, ойнап жүретін еді деп жорамалдайды.

 

 

- Мұны бұрын басқа көршілер де, 12-13 жастағы балаларым да көрген еді. Олардың екі иті бар, бірі қабаған овчарка. Бәлкім, баланы қауып алған сол ит шығар, - дейді Анатолий.

 

 

Осы дерек туралы полицияға көршілерінен шағым түскен. Келесі күні таңертең оған учаскелік полиция инспекторы келіп, түсініктеме алып, ескерту жасап кетіпті.

 

 

- Осы кезде көрші әйел шығып, мені де, итімді де «жоқ қылам» деп айқайға басты. Содан кейін учаскелік инспектор кетіп қалды. Ал жарты сағаттан кейін көршінің күйеуі келіп итімді өлтірем деп, қоқан-лоқы жасай бастады. Екеуміз керісіп қалдық, сосын ол үйіне кетіп қалды. Бірер минуттан кейін қайтадан аулама жүгіріп келіп, итімді балалардың көзінше айырмен шаншып тастады. Мұндайды күтпеген едім, бәрі көзді ашып-жұмғанша болды. Сосын полицияға шағымдандым, - дейді Анатолий.

 

 

Біз Анатолийдің көршілерімен хабарластық. Бірақ олар түсінік беруден бас тартты. Ал Полиция департаментіндегілер осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 316-бабы («Жануарларға қатыгездiк жасау») бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

 

Сотқа дейін тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

azh.kz




Көрілген: 709    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 02:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30