Оқиға

Бала асырап алу құпиясын жария еткен тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды

  • Көрнекі сурет

    Көрнекі сурет

Ақмола облысының тұрғынына қатысты бала асырап алу құпиясын жария еткені үшін қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

Бірнеше жыл бұрын отбасы ресми түрде бала асырап алып, құпияны сақтау мақсатында тұрғылықты жерін өзгерткен. Алайда баланы асырап алу туралы отбасының тұрғылықты жері бойынша белгісіз біреу хабарлады. Осыған байланысты баланың ата-анасы полицияға тиісті өтінішпен жүгінді.

 

Тексеру барысында полицейлер бала асырап алу туралы мәліметтерді жария етуге қатысы бар деген күдікті әйелді анықтады, ол 41 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

 

18 сәуірде әйел жәбірленушімен жанжалдан кейін бұл ақпаратты асырап алынған балаға айтқан. Мойындау айғақтары бар.

 

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстәің 138-бабы (Бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жолдауында Үкіметке «2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» атты арнайы бағдарлама бастауды және жасанды жолмен бала көтеру бағдарламасындағы квота санын жеті мыңға (бір жылдық – авт.) дейін көбейтуді тапсырды.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.04.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30