Түркістан облысында балабақшада бүлдіршін жарақат алып, миы шайқалды. Отырар аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі баланың тек сүрініп құлағанын мәлімдеді, бірақ баланың анасы бұған сенбейтінін айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 12 сәуір күні сағат 15:00 шамасында Отырар аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауруханаға дене жарақатымен кәмелетке толмаған баланың түскені туралы хабарлама түскен.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі:
– Баланы Шәуілдер ауылындағы балабақша маңында көлік қаққаны, соның салдарынан зардап шеккені анықталды. Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлімі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы. – ред.) бойынша тіркелді.
Ведомство Opel автокөлігі айып тұрағына қойылғанын атап өтті.
Сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ департамент «оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр» деп сендірді.