Оқиға

Балабақшадан өрт шықты

  • https://azh.kz/

    https://azh.kz/

12 ақпанда күндіз Нұрсая ықшам ауданында жеке меншік балабақшаның өртеніп жатқаны туралы хабар түсті.  Ішінде 3-5 жастағы бүлдіршіндер болған. Бағына қарай, тәрбиешілер өрт сөндірушілер келгенше оларды ғимараттан шығарып үлгерді деп хабарлайды azh.kz.

 

"Өрт туралы хабарлама сағат 15.46-да келіп түсті. Шақырту орнына жеткен кезде, бір қабатты «Зейнеп Амина» балабақшасының төбе жабындысының толық ашық отпен жанып жатқаны және ғимарат ішінде 13 баланы (жастары 3-5 жаc аралығында) 3 тәрбиеші далаға шығарғаны анықталды.

 

 

Өртті сөндіруге 6 бірлік техника мен 25 жеке құрам жұмылдырылды, 3 оқпан жұмыс жасады.  Өрт сағат 16:15 минутта оқшауланып, 16:23 минутта толықтай өшірілді.

 

Өрт салдарынан балабақшаның төбе жабындысы түгел жанып кетті.

 

 

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде аталған балабақшадан екі метр қашықтықта орналасқан екі қатарлы коттедж үйге өрттің таралуына жол берілмеді. 

 

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген Атырау облысы ТЖД хабарламасында.

 

Өрттің тоқтың қысқаша тұйықталуы салдарынан болғаны болжанып отыр.

 

 

 

 

 




Көрілген: 420    Пікірлер: 0

сенбі, 13.02.2021, 19:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30