Балаларына дәрі алуға бара жатқан: Алматыда оққа ұшып аман қалған әйел ауруханадан шықты

18 қаңтар 2022, 10:11

Антитеррористік операция кезінде денесіне оқ атылғаннан кейін аман қалған 30 жастағы алматылық әйел ауруханадан шығарылды. Зардап шеккен күні оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 басылымына сілтеме беріп.

Оқиға 6 қаңтарда алаңның жанында болған. Әйел балаларға арналған дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға шыққан. Шолпан Бегайдарова бұл қайғылы күнді мұңмен еске алады. Ол даңғыл бойымен келе жатқанын айтады, кенеттен белгісіз адамдар көлікке оқ жаудырған. Оқ есіктен шығып, жамбасына тиді. Шок алған күйде Шолпан газға басып, жоғары жылдамдықпен жолын жалғастыра түскен. Осыдан кейін тағы бір оқтылған. Оқ денесіне тимей өтіпті.  

“Дәрі-дәрмек алуға шыққан жолда Фурманова бойынша маған оқ атты. Менен үш оқты алды. Аяғым кесілу керек болған”, – дейді Шолпан. 

Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында оның аяғын құтқарып қала алған. 

Сондай-ақ, бүйрек және басқа да өмірлік маңызы бар органдар зардап шекті. Бірақ бәрі одан да жаман болуы мүмкін еді, дейді ол. Үшінші оқ омыртқадан екі миллиметр ғана ары өткен. 

“Дәрігерлер жағдайым қалыпты деді. Бүгінгі таңда олар дер кезінде көмек берді. Енді қайта қалыпқа келтіру шараларын жеке емханадан өту туралы мәселе туындап тұр”, – дейді Шолпан.

 Алматылық әйел бүгінде үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Жалдамалы пәтерде тұрады. Балалары үшін аман қалдым дейді. Оның денсаулығы қалпына келе ме, жоқ па, дәрігерлер әлі айта алмайды. Ал Шолпан енді балаларды қалай асырап, тұрғын үй ақысын қалай төлеу керектігін ойластыруда.