Оқиға

"Балаң өлсін!" Дәрігерге шабуылдаған әйелдің видеосы қайда түсірілген?

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Желіде бала ұстаған әйелдің дәрігерді балағаттаған видеосы таралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода бала ұстаған әйел дәрігерлерді балағаттайды.

"Осындай науқастардың әрекетінен бір айда төрт дәрігер жұмыстан кеткен. Баланы қарау кезінде ЖРВИ диагнозы қойылған, дене қызуы - 36,5. Анасы біз жазып берген емдеу шараларына наразы болып, екпе салуды талап етті. Науқастар өз дегенін орындамағаны үшін біздің дәрігерлермен осылай сөйлесуін, балағаттап, ұрып-соғуын қашан тоқтатады", - делінген Facebook желісінде жарияланған видеоның сипаттамасында.

Әйел видеода баласының емделуіне көңілі толмай, инъекция түрінде антибиотиктерді жазып беруін талап еткен. Ол дәрігерді білімсіз деп атап, ақ халаттыларды балағаттаған.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы (www.facebook.com/Anon.kgvrachi/videos/151023476318712/) қызу талқыланды.Желі қолданушылары видеоның Қазақстанда түсірілгенін болжады.

Алайда, Vesti.kg порталының мәліметінше оқиға Қырғызстанда болған. Бішкек мэрі жанындағы денсаулық сақтау басқармасының директоры Бақтыгүл Ысмайылова науқастар тарапынан мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс деп есептейді.

"Кейбір адамдардың дәрігерлермен осылай сөйлесетіні қынжылтады. Бізде білікті мамандар жұмыс істейді. Мұндай әрекеттерге жол бермеу керек. Есеңгіреп қалдық. Дәрігер өзін дұрыс ұстады", - деді ол.

Бішкектегі үшінші балалар ауруханасының дәрігері милицияға арыз берген. Тараптар өзара мәмілеге келген соң сотқа дейінгі тергеу шаралары таяуда тоқтатылады.

"Милиция қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтады. Алайда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында дәрігер Р. Ч. азаматша Н.Г.-ға арызданбайтыны туралы айтқан, - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.01.2020, 16:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31