Оқиға

Баласын қорғап, қабыланға тап берген антилопаның әректі көпшілікті таңғалдырды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Оңтүстік Африка Республикасындағы Крюгер ұлттық саябағына келушілер жабайы аңдардың айқасына куә болады.

 

Гну бөкені жараланған лағының өмірін құтқару үшін бес сағат арпалысты. Осы уақыт ішінде ол құзғындарды, қабылан мен бір топ сүйелді қабанды қуып жіберді.

 

Видео авторы Надав Оссендрайвер (Nadav Ossendryver) Оңтүстік Африкадағы Крюгер ұлттық саябағына жануарларды тамашалау үшін келген кезде бақылаушылардың бірі қоңырау шалып, қабылан гну бөкенінің жараланған баласын ұрламақ болғанын хабарлаған.

 

Саябаққа келушілер оқиға орнына тез жетті.

 

"Біз келген кезде анасы баласын қорғап тұр екен. Аспанда құзғындар айналшықтап жүр. Кейін біз қабылан лаққа қарай бет бұрғанын байқадық. Анасы жыртқышты көрген бойда оны үркітті. Қабылан біздің жаққа қарай жүгіріп, бұталардың арасына тығылды", - дейді Оссендрайвер.

 

Қабылан кеткеннен кейін, сүйелді қабандар келді. Антилопа оларды да қуып жіберді.

 

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2534    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 23:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31