Балқаш горнизонында офицер жарақат алды

30 мамыр 2022, 21:59

Бүгін Балқаш гарнизонында офицер қаруды пайдалану кезінде жарақат алды. Бұл туралы Аikyn.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.

«2022 жылдың 30 мамырында Балқаш гарнизонында офицер қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік шарасының бұзылуы салдарынан жарақат алды. Зардап шегушіге қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қорғаныс министрінің тапсырмасымен арнайы комиссия жіберілді», – деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Бұдан өзге ақпарат тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды.