Балқашта 25 жастағы ер азаматты он күннен бері іздестіріп жатыр

16 желтоқсан 2018, 11:01

Балқашта 10 күннен бері еріктілер тобы 25 жастағы ер азаматты іздеп жатыр. Ол қалалық бассейн кешенінен жұмыстан қайтқаннан үйіне әлі оралмаған деп жазады Nur.kz.

Рүстем Қажкеров Мира көшесінде жүріп жатқан құрылыс алаңында жұмыс істейді.

«6 желтоқсан күні жұмыстан қайтқан ол үйге еш оралмаған. Үстіне қара куртка және көк джинсы шалбар киген», – дейді еріктілер тобы.

Полиция және еріктілер тобы егер Рүстемді көргендер болса, дереу «102» нөміріне хабарласуларын сұрайды.

Рүстем Қажкеровтың бойы – 180 см, орта денелі, шашы қара.

sn.kz