Оқиға

Балқашта әйел 5 жасар баласымен бірге жоғалып кетті

  • Көрнекі фото: piqsels.com

    Көрнекі фото: piqsels.com

Полиция Балқаш қаласында жоғалып кеткен 27 жастағы келіншек пен оның бес жасар ұлын іздеп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жергілікті полиция бөліміне 27 жастағы Венера Исенбаева мен 5 жасар ұлының жоғалғаны туралы 13 мамыр күні хабарланған.

 

Құқық қорғау органдарына Балқаш тұрғынының әпкесі жүгінген.

 

Әпкесінің айтуынша, әйел 5 жасар баласын балабақшадан алып кету үшін 6 мамырда үйден шығып кеткен, бірақ қайта оралмаған. Онымен бірге бала да із-түссіз жоғалып кетті.

 

"Жоғалған әйел медициналық мекемеге тіркелген және бұрын үйден кетіп қалған жағдайлар болған. Өзінде ұялы телефоны жоқ. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінен бес іздеу тобы құрылып, жоғалып кеткен әйел мен оның бес жасар ұлын іздеп жатыр", – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

 

 

 




Көрілген: 448    Пікірлер: 0

жұма, 14.05.2021, 18:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30