Оқиға

Балқашта ер адам ақша үшін "әйелін жол апатына түсірген"

  • © CC0

    © CC0

Балқашта ер адам жол апатына түскен әйеліне көмек керек деп танысын алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

20 қыркүйекте 26 жастағы әйел Қарағанды ​​облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне хабарласқан. Ол белгілі бір азаматтың алаяқтық жолмен 15 мың теңгені иемденіп алғанын айтты.

 

Анықталғандай, әйелдің танысы 31 жастағы ер адам телефон шалып, әйелінің жол апатына ұшырағанын, оған шұғыл көмек қажет екенін айтқан. Оған сенген жәбірленуші ер адамға терминал арқылы 15 мың теңге аударған.

 

Екі күннен кейін жол апатына түсті деген әйелді көшеде кездейсоқ кездестіріп қалады. Сол кезде өзінің алданғанын түсінген әйел танысының алған ақшаны өз мақсатына жұмсағанын білген. ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

 

 

 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.09.2021, 17:08

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31