Балқашта жүк көлігінің жарылған сәті видеоға түсіп қалды

25 сәуір 2022, 10:41

Балқаштағы Абай көшесінде азық-түлік дүкені өртеніп кетті. Өрт салдарынан жанында тұрған жүк көлігі жанып, газ қондырғысы жарылып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Шатырдағы ағаш торлама, терезе және есік блогы, тауар мен суыту қондырғылары, сонымен қатар "Газель" автокөлігінің тез тұтанатын бөліктері жанып, көліктегі газ қондырғысы жарылды. Өрт 200 шаршы метрге жайылған, деп мәлімдеді құтқарушылар.

 

Өрт 00:22-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.