Бандиттер мәйітханаларға шабуылдап, жақтастарының денесін алып кеткен - Тоқаев

10 қаңтар 2022, 19:25

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда бүлікшілер түнде мәйітханаға шабуыл жасап, қаза болған жақтастарының мәйітін алып кеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Террористердің қатысы барын сеніммен айта аламын. Оның ішінде Қазақстанға қарсы шетел содырлары бар. Бүлікшілердің түнде мәйітханаға шабуыл жасап, қаза болған жақтастарының мәйітін алып кеткені жай емес. Содырлар да соғыс алаңынан жақтастары мәйітін алып кетеді. Бұл әлемдік белгілі террористік топтардың қолданысындағы тәжірибе. Дәл осылай олар ізін жасырады. Біздің шекара аумағында бүлік жасап, билікті басып алу ойы болғаны айқын көрініп тұр", - деді Тоқаев ҰҚШҰ жиынында.

 

Тоқаев еліміз 30 жыл тарихында мұндай қиындыққа кездеспегенін айтты.