Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Бас прокурортура Челахтың Тоқаевқа жазған хатына пікір білдірді

21 желтоқсан 2022, 16:29

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Владислав Челахтың Тоқаевқа жазған хаты туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұдан бұрын Владислав Челахтың Мемлекет басшысына хат жазғаны, Арқанкергенде шын мәнінде не болғанын айтуға дайын екені хабарланған.

 

Өкінішке қарай, қазір менде Владислав Челахтың бізге жүгінгені туралы ақпарат жоқ. Сондықтан дәл қазір пікір айта алмаймын. Бірақ осылай жүгінген болса, оны пысықтап, тиісті жауап береміз, - деді Жандос Өмірәлиев.

 

Еске салсақ, Владислав Челах 2012 жылы 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді. Сол уақыттан бері Челах және оның қорғаушысы тарапынан Жоғарғы сотқа сот актісін қайта қарау туралы 8 рет өтініш түскен.

 

"Арқанкерген" оқиғасы 10 жылдан бері журналистер назарынан түспей келеді. Оқиғаға қатысты жаңа деректер шыққанымен, құқық қорғау органдары әлі де Владислав Челах кінәлі деп сендірумен келеді: 19 жастағы жігіт қорықшы мен 14 әріптесін өлтірді-мыс. Ол бүкіл өмірін түрмеде өткізеді. Челах бірде-бір сұхбат берген жоқ және оның өзі БАҚ өкілдерімен сөйлесуден бас тартты делінеді.

 

Бұдан бұрын Ulysmedia.kz қаза тапқан шекарашылардың аналарымен тілдескен. Олар ұлдарының Владислав Челахтың қолынан ажал құшқанына сенбейтінін айтты.