Басы жұлынып кеткен: Жамбыл облысында жол апатынан жеткіншек көз жұмды

17 тамыз 2021, 08:43

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апатынан жеткіншек көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға болған аймақ түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер көз жұмған баланың денесін мен жұлынып кеткен басын тауып алған. 

 
Кейіннен анықталғандай 27 жастағы ер азамат 12 және 13 жастағы балаларды көлікпен серуендетіп жүрген. Бір мезетте жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, бетон бағанаға барып соғылған. 

Жеткіншектердің бірі көлік апаты орын алғанда опат болса, екіншісі ауруханаға жеткізіліген. 

“Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізуші көлігіні тастап, қашып кеткен. Жол апаты бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғалды. Алдағы уақытта сараптама нәтижелеріне сәйкес қорытынды шығарылады”, – деді облыстық ПД өкілі Бегман Құтмырзаев.