Оқиға

Батыс Қазақстанда 15 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті

  • http://kabar.kg/

    http://kabar.kg/

Батыс Қазақстан облысында 15 жасар жасөспірім Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 25 маусым күні Теректі ауданы Ақжайық ауылында болды.

 

Сағат 15.45-те 15 жасар жасөспірім ұл шомылуға жабдықталмаған жерден Жайыққа түсіп, батып кетті. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының іздеу тобы баланың денесін сағат 22.24-те судан тауып, шығарды.

 

Өңірде жыл басынан бері осымен 13 адам суға кетсе, соның төртеуі балалар болып отыр.

 

Соңғы күндері Батыс Қазақстанда күн қатты ысып кетті. Соған байланысты БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда мас күйінде суға түскен екі адамның батып кеткенін, тұрғын үй өртеніп, бір отбасының баспанасыз қалғанын жазған едік.

 

 




Көрілген: 703    Пікірлер: 0

сенбі, 26.06.2021, 00:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30