Оқиға

Батыс Қазақстанда 26 жастағы қыз пойызы астына түсіп мерт болды

  • Көрнекі фото. https://multiurok.ru/

    Көрнекі фото. https://multiurok.ru/

Батыс Қазақстан облысында жүк пойызы 26 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 29 қыркүйек күні Бөрлі ауданы аумағында болды.

 

Сағат 13.52-де Қазақстан станциясында 1995 жылғы қыз жүк пойызының астына түскен. Соның салдарынан ол оқиға орнында көз жұмды.

 

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын жеткізді.

 

Қазіргі кезде іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда пойыз қағып кеткен ер адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ дәрігерлер ота жасап, жас ана мен сәбилерінің өмірін сақтап қалды.

 

 

 




Көрілген: 342    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 18:39

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31