Оқиға

Батыс Қазақстанда пойыз 8 жылқыны қағып өлтірді

  • Батыс Қазақстанда пойыз 8 жылқыны қағып өлтірді

    Батыс Қазақстанда пойыз 8 жылқыны қағып өлтірді

Батыс Қазақстан облысында 8 жылқыны пойыз басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Биылғы жылғы 11 қарашада сағат 22:35-те Орал станциясындағы Желілік полиция бөліміне «Пепел» разъезінде жүк пойызының машинисі теміржол үстінде жайылып жүрген үй жануарларын байқап, шұғыл тежегішті қолданғаны туралы хабарлама келіп түсті. Соған қарамастан пойыз 8 жылқыны қағып өлтірді»,- деді Көліктегі полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Байкенов.

Оның сөзінше, аталған факті бойынша оқиға орнына Орал станциясының желілік полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шықты.

Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде үй жануарларының иесі Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екені анықталды. 43 жастағы әйелге ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі, яғни темiржол бойында мал жаю қағидаларын бұзу фактісі бойынша 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Биылғы жылдың басынан бері теміржол бойында мал жүруіне байланысты пойыздарды шұғыл тежеудің 1628 фактісі тіркелді. Темір жолдардың бөлінген жолағында мал жайғаны үшін жалпы 1124 құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылды», - деп толықтырды сөзін Байкенов.

«Көлік полициясы үй жануарларының теміржолға шығуы пойыздардың қозғалысына қауіп төндіретінін тағы да еске салады. Шұғыл тежеу жолаушылардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ тасымалданатын жүктерге залал келтіруі мүмкін. Жануарлармен соқтығысқан кезде локомотив зақымданады, жол шығынға ұшырайды. Пойыздардың қозғалыс кестесінде бұзушылықтар пайда болуына әкеп соғады», - делінген хабарламада.

ҚазАқпарат




Көрілген: 256    Пікірлер: 0

сенбі, 14.11.2020, 02:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31