Оқиға

"Бауыр, бүйрек барлығы езіліп кеткен": Түркістанда оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

  • "Бауыр, бүйрек барлығы езіліп кеткен": Түркістанда оқушы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды

Түркістан облысында мектеп оқушысы дене шынықтыру сабағында қайтыс болды. Оны футбол ойнап жүрген кезде, қақпа басып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.

Оқыс жағдай Қазығұрт ауданының Үлгілі ауылына жуырда ғана пайдалануға берілген мектептің спорт залында болған. 8-сыныптың оқушылары футбол ойнап жатыпты. Мұғалімнің айтуынша 13 жастағы Алихан қақпашы болып тұрған екен. Ал оқиға орнында болған дене шынықтыру пәні мұғалімінің серіктесі бәрі қас пен көздің арасында болғанын баяндады.


"Махатай Алихан қақпашы болып қақпада тұрған. Сол кезде мына қақпаға гол соғады да, балалар қуанған кезде Алихан да жүгіріп барып қақпаға, қуанып қақпаға асылады. Секірген кезде қақпа ауып кетеді. Біз мына жақтан жүгіріп барып тұрғыздық. Ол кезде баланың жағдайы жақсы еді. Алғашқы жәрдемімізді көрсетіп медбикені шақырдық. Арада он минуттай өткеннен кейін баланың жағдайы нашарлай бастады", - дейді М.Әуезов орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.


Жедел-жәрдеммен аудан орталығына жеткізгенмен оқушы ота үстінде жан тапсырған. Дәрігерлер оның қанын тоқтату мүмкін болмағанын айтты.


"Баланың ішкі органдары езіліп кеткен. Бауыр, бүйрек дегеннің барлығы езіліп кеткен. Қан тоқтау процесі мүмкін болмады. Бұл несовместимой жизнью дейміз ғой, соған байланысты бала сағат 12-де биологиялық өлім балада тіркелді", - дейді Наушарман Боранбаева Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары.


Марқұмның денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Белгілі болғандай Алихан Махатай отбасындағы бес баланың кенжесі екен. Баланың жақындары жазмыш болғанмен, мектепте қауіпсіздік ережелері сақталмағанын айтып, тиісті жазаларын алсын деп отыр.





Көрілген: 827    Пікірлер: 0

жұма, 06.09.2019, 23:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30