Оқиға

Баянауылда ағаш құлап, жасөспірім ажал құшты

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Павлодар облысында жасөспірімнің үстіне ағаш құлап кеткен. Оқыс оқиға салдарынан жеткіншек мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Павлодар онлайн" порталына сілтеме жасап.


Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті.

 

Оқиға 1 маусым күні Баянауыл ауданында ұл бала тұратын жеке үйлердің ауласында орын алған.

 

"Қатты соққан желдің кесірінен қурап тұрған ағаш 16 жастағы жасөспірімнің үстіне құлап кеткен. Дене жарақаттары ауыр болғандықтан бозбала ауруханада көз жұмды", - деді ТЖ департаментінің орынбасары Самат Асайынов.

 

Айта кетерлік жайт, 1 маусым күні Павлодар облысының кей аймағында жылдамдығы 22 м/с болатын қатты жел соққан. Сол себепті Павлодарда, Ақсу және Железинск аудандарында кейбір ғимараттардың шатыры ұшып кетіпті. Бірнеше жерлерде теректер де құлапты.

 




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.06.2020, 17:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31