Оқиға

Байзақтағы жарылыс: қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

  • Байзақтағы жарылыс: қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

    Байзақтағы жарылыс: қаза тапқандар саны 12 адамға жетті

Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті. Нақтыланған мәліметтер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталуда. Жалпы оқиға салдарынан Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған», - деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, Тараз қаласының стационарларында ем алып жатқан зардап шегушінің бесеуі реанимацияда , екеуінің жағдайы ауыр.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше оқиғаға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.

Жиналыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылып, оған Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық ететін болды.

ҚазАқпарат




Көрілген: 738    Пікірлер: 0

жұма, 27.08.2021, 22:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31