Базар маңынан жаңа туған нәрестенің денесі табылды

19 сәуір 2022, 17:32

Қостанайда ер адам базар маңынан пакетке оралған нәрестенің денесін тауып алды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 18 сәуір кешкі бестер шамасында 37 жастағы ер адам "Беркут" базары аумағынан жаңа туған нәресте оралған пакет тауып алған. Сәби қимылсыз жатқан.

 

"Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы жаңа туған қыздың денесін тапты", - делінген хабарламада.

 

Қазір Қылмыстық кодекстің 100-бабы " Жаңа туған баланы анасының өлтiруi" бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Тергеу жүріп жатыр, сараптама белгіленді.

 

Полиция осы жағдайға қатысты қандай да бір ақпарат білетін тұрғындардан құқық қорғаушыларға хабар беруді сұрады.