Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қосшы елді мекенінде орналасқан «888» сауна кешенінде бүгін таңғы сағат 07.00-лер шамасында белгісіз азамат әкімші әйелге қол жұмсаған видео тарап кетті. Бұл туралы Kozachkov offside телеграм арнасына сілтеме жасаған sn.kz тілшісі жазды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz.
Видеодан алкогольді ішімдік ішкен адамның әйелді бетінен бірнеше рет ұрып, иығынан нұқып жібергенін анық көруге болады. Инцидентке демалушылардың ақы төлемеуі себеп болған.
Ал жанындағы екінші адам оқиғаға араша түспей, бейқам қарап отырған. Ең қызығы, полиция оқиғаға байланысты іс қозғамай, 15 минут жауап алған соң, төбелескіш азаматты жібере салған.
Азаматтың лауазымды қызметкердің туысы деген болжам да айтылуда.
<iframe id="telegram-post-kozachkow-4941" src="https://t.me/kozachkow/4941?embed=1" width="100%" height="" frameborder="0" scrolling="no" style="overflow: hidden; border: none; min-width: 320px; height: 400px;"></iframe>
ВИДЕО:
https://www.facebook.com/100007745261638/videos/1424275391338465