Оқиға

Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

  • Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

    Бес адам көз жұмды: Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты болды

Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды
Қызылорда облысында Құмкөл-Қызылорда тасжолында болған апат салдарынан бес адам қайтыс болды, тағы бесеуі ауруханада жатыр.

"Сәрсенбі күні Құмкөл-Қызылорда тасжолының 69 шақырымында Toyota Hilux және Mercedes-Benz Sprinter көліктері соқтығысты", - деп хабарлады Қызылорда облысы әкімдігі.
Апат салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмды. Кейін ауруханада тағы екі адам жан тапсырды.

Жол апатынан соң тағы бес адам ауруханада жатыр.

"Оқиға орнында полиция және төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Апатқа жол ережесінің бұзылуы себеп болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Полиция қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес ("жол жүру ережесін бұзу") сотқа дейінгі тексеріс бастады.

Бұл бап бойынша жеті жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сараптама тағайындалды, апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
 
 




Көрілген: 319    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31