Оқиға

Бестамақ шошқа фермасының дауы: жанжал төбелеске ұласа жаздады

  • Бестамақ шошқа фермасының дауы: жанжал төбелеске ұласа жаздады

    Бестамақ шошқа фермасының дауы: жанжал төбелеске ұласа жаздады

Бұл жолы алғаш рет ауыл тұрғындарына ферма қызметкерлерінің өзі шықты. Жанжалдың соңы төбелеске ұласа жаздады
Ақтөбе облысы Бестамақ ауылының тұрғындары шошқа фермасының маңына тағы жиналды. Олар кәсіпорын айғақтарды жасыруға тырысып отыр деп санайды.

Шаруашылық кешенінде жаппай тексеру жүргізуге қол жеткізген ауыл тұрғындарының тергеуге көңілі толмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 13 желтоқсанда жергілікті тұрғындар кәсіпорынға келіп, наразылық білдірді. 

"Бізге ферманы тексеру үшін Алматы және Ақтаудан экологтар келетінін айтты. Оларды күттік. Ал ферма қызметкерлері айғақтарды жасыруға тырысып отыр екен. Табылған қалдықтың бәрін тиегішпен көміп жатыр. Сол себепті осы жерге жиналдық", - деп түсіндірді ауыл тұрғыны Самат Сағынбаев.

Ал "дәлелдерді жойып жатқан" видео бұған дейін әлеуметтік желіде жарияланды. Шенеуніктер видеоны зерттеп, кәсіпкер заңбұзушылықтарды жоймай, жұмыс істеп жатыр деген қорытындыға келді.

"Жер учаскелерін қазып, ұйғарым бойынша ретке келтіруі керек. Алайда олар бәрін қате істеп жатыр. Халық олардың дәлелдерді жасыра алмайтынын айтып отыр, бұл &ndash жөн айтылған пікір. 20 қаңтарда тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Полиция департаменті бәрін қайта тексереді", - деді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Нұржауған Қалауов.

Бұл жолы алғаш рет ауыл тұрғындарына ферма қызметкерлерінің өзі шықты. Жанжалдың соңы төбелеске ұласа жаздады. Жанжал туындауына кім себепкер болғанын тергеушілер анықтайды.

"Жұмысынан айырылып қалудан қорқатын адамдар шықты. Қазір Ақтөбе облысында жұмыс табу қаншалықты қиын екенін жақсы білесіздер. Жалпы Қазақстандағы жағдай солай. Фермада 400-ден астам адам жұмыс істейді", - деді ферма қызметкері Петр Мурашкевич.
Ал полиция кешен қызметкерлері ауыл тұрғындарына өз еркімен шықпақ жоқ деп санайды. Егер бұл расталса, ферма басшыларын тағы да қиындық күтіп тұр.

Айта кетейік, қарашаның соңында Бестамақ тұрғындары шошқа фермасын жабуды талап етті. Тұрғындар кәсіпорынның өзен, топырақты улап, үш мыңнан астам ауыл тұрғынының өміріне қауіп төндіретінін айтты.

Кейінірек экология департаменті Бестамақ тұрғындарының ұжымдық мәлімдемесінде айтылған экологиялық нормалардың бұзылу фактілері расталғанын хабарлады. Қоршаған ортаға келтірілген шығын 7 миллиард теңге.

sputnik.kz




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 10:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28