Оқиға

Бет-әлпетін өзгерткен: Таразда жоғалған ғшықтар Қырғызстаннан табылды

  • Видеодан кадр: Хабар 24

    Видеодан кадр: Хабар 24

Наурыз айының соңында Тараз қаласында жоғалып кеткен жасөспірімдер Қырғызстаннан табылды. Олар өздерін іздеушілерді жаңылыстыру үшін тіпті, бет-әлпетін де өзгерткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Еске сала кетейік, 23 наурыз күні облыс орталығының 45 жастағы тұрғыны 17 жастағы ұлы 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні үйінен белгісіз бағытта шығып, қайта оралмағанын айтып, полицияға жүгінген еді.

 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары да басталған болатын. Көп ұзамай жасөспірімнің ата-анасына үйден өз еркімен кеткенін, енді қайта оралмайтынын айтып, хат жазғаны анықталды. Бастапқыда туыстары жеткіншекті өздері іздеген, алайда іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеген.

 

"Кейінірек жеткіншектің үйінен кетуіне оның 16 жастағы дос қызына байланысты отбасында туындаған жанжал себеп болғаны анықталды. Жанұясы ол қызбен сөйлесуге тыйым салған. Ал жасөспірім жалғыз емес, қызымен бірге қашуды жөн көрген", - дейді полицияда.

 

Анасының сөзінше, кәмелет жасына толмаған ұлы үйден кеткенде қолында телефоны мен меттал сынықтарын жинап өткізгені үшін алған азғантай ақшасы болған.

 

"14 күн бойы іздеуде болған жасөспірімдерді Қырғызстанның милициясы қызметкерлері тапты. Олардың жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Өздерін тез тауып алмас үшін барлығының алдын алған. Іздеу жұмыстарын қиындату үшін сыртқы келбетін өзгерткен яғни шаштарын қара түске бояп тастаған. Олар металл жинап өткізуден алған ақшаға өмір сүрген. Қабылдау пунткіне өткізу барысында көрші республикадағы әріптестер ұстаған. Оларды алып келу үшін жасөспірімдердің заңды өкілдері Қырғызстанға кетті. Тергеу жүріп жатыр", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінен.

 

Жасөспірімді іздеу жұмыстары жайлы "Хабар 24" арнасына еріктілер қозғалысының координаторы Николай Чагай айтып берді.

 

"Біз шашы ақшыл түсті қыз бен жігітті іздедік. Ал бізге сурет жібергенде шаштары қара түсті болды. Мен бұл іске атсалысқан барша азаматқа алғыс айтқым келеді. Қаланың бәрі хабардар болды", - дейді Чагай.

 

Жасөспірімдердің шекарадан қалай өткенін полиция анықтайды.

 

 




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.04.2021, 18:29

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30