Оқиға

Билік өкілдеріне күш қолданған ағайындылар қамауға алынды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Жетісай ауданында полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, күш қолданған ағайынды екі азамат қамауға алынды, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Жетісай ауданының ПБ ЖПҚ патрульдік полиция тобының қызметкерлері Мұстафа Тұрлыбаев пен Ертау Саурамбаев патрульдеу барысында жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол берген &ldquoТойота&rdquo маркалы автокөлікті тоқтатқан.

 

Полиция қызметкерлері өздерін таныстырып, құжаттарын сұрау барысында көлік жүргізушісі билік өкілдеріне қарсы шығып, құжаттарын көрсетуден бас тартқан.

 

Осы сәтте күдікті жүргізушінің інісі өз велосипедімен полиция қызметкеріне артынан соғып, екінші тәртіп сақшысының жағасына жармасқан.

 

Осылайша ағайындылар тәртіп сақшыларына күш көрсетіп, түрлі дене жарақаттарын салған.

 

Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркеді.

 

Орын алған оқиға бойынша күдікті азаматтар қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Түркістан облысының ПД қызметтік міндетін атқару барысында билік өкілдеріне күш қолданудың соңы қылмыстық жауапкершілікке соқтыратынын ескертеді.

 




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 10:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31