Оқиға

БҚО-да 16 жастағы қыз үш бауырын өрттен құтқарып қалды, анасы көз жұмды

  • https://ehonews.kz/

    https://ehonews.kz/

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылында 16 жастағы қыз үш бауырын өртеніп жатқан үйден алып шықты. Балалардың анасы, 37 жастағы әйел ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Төтенше жағдай 27 қазан сағат 02.12-де Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында болды. Жалпы ауданы 25 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі үй өртенген.

 

"1983 жылғы үй қожайыны газға улану белгілерімен ауруханаға жеткізілді. Алайда, әйел есін жимастан, ауруханада көз жұмды", - деп мәлімдеді төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің ресми өкілі Талғат Уәли.

 

Белгілі болғандай, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін әйелдің 16 жастағы қызы екі сіңлісі мен бір інісін терезеден шығарып алған.

 

Өрт сөндірушілер екі пәтерлі үйдің екінші бөлігін өрттен сақтап қалды. Алдын ала болжам бойынша, өртке электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау себеп болған.

 

Министрліктің ақпаратынша, тілсіз жау сағат 03.56-да оқшауланып, 04.29-да толық сөндірілді.

 

ТЖМ тұрғындарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

 

 

 




Көрілген: 515    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 13:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31