БҚО-да 64 жастағы ер адам алтыншы қабаттан секіріп кетті

27 шілде 2023, 14:19

Оралда 64 жастағы ер адам 6-қабаттан секіріп мерт болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Аikyn.kz тілшісі  БҚО Полиция департаментіне сілтеме жасап жазды.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 25 шілде күні 4-шағынауданда болған.

 

«Сағат 22.20-да 3-үйдің кіреберісінен 1959 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Марқұм 6-қабаттан секіріп, өз өмірін қиған. Ол гипертония диагнозымен есепте тұрған. Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді», – деп хабарлады ведомстводан.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz