Батыс Қазақстан облысынынң Мичурин ауылында жеке тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Хабар 24.
Қызыл жалын 120 шаршы метрді шарпыған. Салдарынан ерлі-зайыпты зейнеткерлер мен ұлы зардап шекті. Олардың денесін күйік шалған.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір жағдайлары орташа.
Ал баспана түгел дерлік жанып кетті.
Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері үйде газ баллоны жарылғанын айтты.