Оқиға

БҚО-да көлік басқарған мектеп оқушысы апатқа ұшырады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Жаңақала ауданында жол апаты орын алып, 17 жасар қыз бала ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Оқиға кеше кешкісін аудан орталығы Жаңақала ауылы маңында болды.


Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, Жаңақалаға 4 шақырым жерге сағат 19.20-да жедел жәрдем шақыртылды. Жол-көлік оқиғасынан 2002 жылғы қыз бала зардап шеккен. Түнде Орал қаласынан нейрохирург, хирург, реаниматолог шақыртылған.


«Қызға ота жасалды, жағдайы өте ауыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Айнагүл Сақпосынова.


Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Лада Ларгус» автокөлігінің жүргізушісі Чапаев-Сайқын жолының 121-шақырымында, Жаңақала ауылы тұсында рульге ие бола алмай, көлігі аударылып қалған.


Автокөлік рулінде Жаңақала ауылындағы №3 мектептің 11-сынып оқушысы болған. Көлікте одан басқа тағы 5 оқушы отырған.


Алдын ала мәлімет бойынша немересі атасынан автокөліктің кілтін сұрап алып, сыныптастарымен бірге қызғалдақ теруге барған.


Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 459    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.04.2019, 08:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31