Оқиға

БҚО-да полицейдің автокөлігін жары жалған нөмірмен жүргізген

  • ©

    © "Мой ГОРОД".

БҚО-ның Бөрілі аудандағы Ақсай қаласының взвод командирі Мейірболат Тоғызбаевтың жары жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақсай қаласының тұрғындары взвод командирінің Kia маркалы автокөліктің терезесіне көлегейлеп (тонировка) тастағанын айтқан.

Сондай-ақ, олар бұл көліктің Арменияда тіркелгенін және полицей қызметтік бабын асыра пайдаланып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен жүргенін жеткізген.

БҚО ПД өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізді.

"Kia маркалы 69 МR 007 мемнөмірлі автокөлік Армения Республикасында тіркелген, алайда оған 380 СВА 07 жалған нөмір салып қойған. Бұл көлікті Бөрілі аудандық полиция бөлімінің қызметкері Мейірболат Тоғызбаевтың жары басқарған. Осы деректі полицей мен оның жары түсіндірмесі арқылы расталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты полицейдің жарына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

 Тengrinews.kz




Көрілген: 519    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 18:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31