Оқиға

БҚО-да полиция қызметкері инкасатор көлігіне ала таяғын лақтырды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері тәртіпке бағынбаған инкасатор көлігіне ала таяғын лақтырып жіберді. Бұл туралы видео желіде тарады деп жазады Мой город-қа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Желіде тараған видео кадрынан әйел адам мен полиция қызметкерінің арасындағы жанжалды байқауға болады. Оның айтуынша, тәртіп сақшысы жабық тұрған жол бойымен жүруге рұқсат бермеген.


Одан бөлек, полиция қызметкерінің көліктің кілтін алып алғаны белгілі болды.


Кейінірек оқиға орнына инкасаторлық көліктің келгенін, алайда арнайы транспорт жүргізушісінің тәртіп сақшысына бағынбай өтіп кеткені роликте көрінеді.


Полиция қызметкері тәртіпке бағынбаған инкасатор көлігіне ала таяғын лақтырып жіберген.


БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, патрульдік қызмет инспекторы, полиция лейтенанты Дүйсенов 13 қыркүйек күні Еуразия мен Н.Назарбаев даңғылдары қиылысында таяқшаның көмегімен жол қозғалысын реттеген.


Атап айтқанда, жаяу жүргінші өткелін жарықтандыру үшін металл конструкциясын орнату жұмыстары жүргізілуіне байланысты Н.Назарбаев даңғылынан Алмазов көшесіне қарай жол қозғалысы шектелген.


Қызметтік міндетін атқару кезінде тәртіп сақшысы мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережесін бұзуға жол берген.


Ол 1990 жылғы Елизавета Покатилоға тиесілі "Фольксваген Пассат" көлігінің кілтін алып алған.


Сондай-ақ, тыйым салынған белгіге қарамастан, осы тұстан тоқтамай өтіп кеткен "Газель" көлігінің (инкассатор) артынан таяқшасын лақтырған.


Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланды.


 




Көрілген: 1557    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 11:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30