Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Болат Назарбаевтың көмекшісі ұйымдастырған қылмыстық топтың былығы әшкереленді

15 желтоқсан 2022, 09:52

Елдос Қоспаев құжатсыз Алматы облысында бассейн, жаттығу залы бар зәулім үй салған. Ол жерде асыл тұқымды жылқы өсіріп, аю, арыстан сынды аңдарды әкеліп хайуанаттар бағын жасаған, деп хабарлайды KYN.KZ.

Қылмыстық топ мүшелері 2018-2021 жылдар аралығында аталған үйдің қызметкерін бірнеше рет зорлады.

2018 жылғы қазаннан бастап Қоспаев, Бабаев, Әбіжанов, Танашев, Кудряшова және топтың басқа да мүшелері азаматтардың 3 жер учаскесін, 20 кеңсе үй-жайы мен 113 пәтерді иемденген.

Қаржылық мониторинг агенттігі іздеуде жүрген Елдос Қоспаев пен оның сыбайластары өзге де кәсіпкерлерді қалай тонағанын жариялады.