Оқиға

Бойжеткенді көлікке қамаған танымал қазақстандық блогер жұрттың ашуына тиді

  • Бойжеткенді көлікке қамаған танымал қазақстандық блогер жұрттың ашуына тиді

    Бойжеткенді көлікке қамаған танымал қазақстандық блогер жұрттың ашуына тиді

Желі қолданушылары видео астына пікір қалдырып, бұл зорлықпен қыз алып қашу қылмысына қолдау көрсету екенін ескерткен. Бейбіт Әлібеков жарнама ролигі үшін халықтан кешірім сұрап, видеоны өшіріп тастады

Қазақстандықтар танымал кәсіпкер әрі журналист Бейбіт Әлібеков түскен жарнамаға наразылық білдірді.

Ролик сюжеті бойынша журналист бойжеткенді жүксалғышқа жатқызып, автомобильдің дыбыс оқшаулағышын тексерген.

Өзін тәуелсіз БАҚ ретінде таныстыратын Batyr Jamal редакциясы осы жарнамаға назар аударды.

Видеода Әлібеков танымал машинаның дыбыс оқшаулағышы теңдессіз екенін айтады да, жан дауысы шыға айқайлаған қыз жатқан жүксалғыштың есігін жабады.

Айзаданың өлімі: жігіт өлер алдында анасына аудиохабарлама жіберген

Желі қолданушылары видео астына пікір қалдырып, бұл зорлықпен қыз алып қашу қылмысына қолдау көрсету екенін ескерткен. Кейбіреулер бұл әдейі хайп үшін түсірілген видео екенін айтты.

Ал Бейбіт Әлібековтың өзі жарнамада қандай да бір теріс әрекетті қолдауға деген ниет болмағанын мәлімдеді. Ол видео авторлары "TikTok желісіндегі америкалық танымал видеоны қайталамақ болғандарын" айтты.

"Осы видео көңіліне тиген адамдардан кешірім сұраймын және "қыз алып қашуға" қатысы бар деп танылған осы контекстке қатысты жауапкершілікті сезіне отырып, видеороликті өз парақшамнан өшіруді жөн көрдім", - деп жазды Әлібеков.
Бұған дейін Қырғызстанда болған қайғылы оқиға қазақстандықтарды бей-жай қалдырмаған еді. Бішкекте 27 жастағы Айзада Қанатбекованы ұрлап кеткен азамат оны буындырып өлтіргені белгілі болды. Қылмыскер содан кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Осы жағдайдан кейін Қырғызстан жұрты ішкі істер министрінің отставкаға кетуін талап етіп митингіге шықты.

sputnik.kz




Көрілген: 1127    Пікірлер: 0

бейсенбі, 15.04.2021, 12:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31